
I қалалық "Сәкен оқулары" байқауы
2021 жылдың 15 қазанында I қалалық "Сәкен оқулары" байқауы өткізілді.
2021 жылдың 15 қазанында өткен I қалалық "Сәкен оқулары" байқауында тәжірибелі ұстазымыз Көки Жұлдыздың жетекшілігімен мектеп командасы бәсекеге түсті. Оқушыларымыз оза шауып, жетістіктерімен ерекшеленді.«Сәкен туралы 10 дерек» командалық ойынынан 2 дәрежелі диплом,«Сәкеннің сыр сандығы» номинациясы Ботбаева Әсем 2 дәрежелі диплом, «Сәкеннің сырлы әндері» номинациясы Серікқызы Айым 3 дәрежелі диплом, Курманалиева Дильнара үздік нәтижесімен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Оқушыларымызды және жетекшісі Жұлдыз Көкиқызын құттықтап, білімнің биік шыңынан көрінулеріне тілектестік білдіреміз!


#Астанадарыны
#Сәкенмузейі


