Блог директора
Блог директора
Подробнее
Рекомендации по школьной форме
Рекомендации по школьной форме
Подробнее

Блог директора

Мектеп директоры: Тодераш Ольга Евгеньевна

Қамқоршылық кеңестің қатысуымен азаматтарды жеке мәселелері бойынша директордың қабылдау уақыты:

Сейсенбі 11.00 – 13.00

Бейсенбі: 17.00 – 19.00

Ұялы телефоны: 87011969121

БАСШЫНЫҢ ҮНДЕУІ

Құрметті ата-аналар! № 26 мектеп-гимназия – ынтымақтастық пен жетістіктер және де шексіз мүмкіндіктер мекені. Бұл мекен - оқу мен демалыс, қызықты мерекелер мен күнделікті өмірдің, балар үшін сенімді жылы үйі және де ең бастысы – игі дәстүрдің отаны болып табылады. Біздің мектеп білім алуға қолайлы әрі қауіпсіз орда. Мектеп ішінде көптеген үйірмелер, студиялар және секциялар бар. Мектеп жанында жайлы асхана, барлық мүлікпен жабдықталған спорт зал, хореография залы, заманауи медбике кабинеті, STEM мүлкімен жабдықталған шеберханалар, сонымен қатар лингафонды ағылшын тілі мен қытай тілі кабинеттері және робототехника кабинеті бар. Мектеп қабырғасында тек қана өте шағармашыл ұжым жинақталған. Олар күнделікті жұмыста білім берудің жаңа технологиялары мен әдіс-тәсілдерін еркін әрі ұтымды пайдалана алады. Біздің мектептің басты сипаты: күн сайын қарқынды дамып, заман талабына сай жаңарып, білім берудің деңгейлерін меңгеріп, биік жетістіктерге жету. Әр оқушыға өз мүмкіндіктерін, таланттарын және қабілетін ашуға барлық жағдай жасалған. Ол үшін біздің мектеп, оқу жұмысының әр түрлі формасын ұсынады. Біз өз оқушыларымыздың жеке тұлға болып қалыптасуына және олардың бойында қадір-қасиеті мол болуына, сонымен қатар өздеріне сенімді, өздерін және басқа да адамдарды құрметтей алатын тұлға болып қалыптасуына ат салысудамыз. Біз өз мектебімізбен және өз оқушыларымызбен мақтана аламыз!

FaLang translation system by Faboba