Мемлекеттік қызметтер
Анонс
Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр.
Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз. https://m.egov.kz/survey
- № 39 бұйрық 28.01.2015 (өзг.толықт. №172 бұйрық 04.05.2020) Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру
- № 61 22.01.2016 (өзг.толықт. №225 бұйрық 25.05.2020) Негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру
- № 158 бұйрық 24.04.2020 Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну
- № 158 бұйрық 24.04.2020 МББ мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау
- № 223 бұйрық 27.05.2020 Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсау. байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау
- №564 бұйрық 12.10.2020 (өзг.толықт. №264 24.06.2020) Балаларды жалпы білім беретін оқу орындарының арасында ауыстыру үшін құжаттар қабылдау
- №564 бұйрық 12.10.2020 (өзг.толықт. №264 24.06.2020) Білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау
Құрметті ата-аналар! 1 сыныпқа қабылдау
http://school.nursultan.e-orda.kz
портал арқылы жүргізіледі
Порталға жүгінген кезде:
1) туу туралы куәлігінің көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжат (түпнұсқа жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
2) денсаулық жағдайы туралы анықтама:
- № 026/у-3 нысан "Бала денсаулығы паспорты" есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген № 026/у-3 нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген));
3) денсаулық жағдайы туралы анықтама- № 063 нысан
4) баланың 2 данада 3х4 сантиметр өлшеміндегі фотосурет;
5)педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссия (бар болса) қорытындысының электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.