
«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!»
Нұрсұлтан каласының №26 мектеп–гимназия кітапханасында кітапхана меңгерушісі Анар Нұрдолдақызының ұйымдастыруымен
«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!» атты тақырыпта 6 «Ғ» сынып оқушыларымен кітапхана сағаты өтті. Бұл іс-шараның мақсаты 1 желтоксан–Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру, Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу. Оқырмандардың білімдерін саралауда «Таймланд» карточкасын жинау әдісі арқылы Елбасының өмірі баяны туралы қысқаша энциклопедия жасалды.






