Блог директора
Блог директора
Подробнее
Рекомендации по школьной форме
Рекомендации по школьной форме
Подробнее

🪟 Анашым, терезені жапшы!

🚼 Соңғы уақытта балалардың терезеден құлау жағдайлары жиі тіркелуде. Әсіресе, 3 пен 5 жас аралығындағы балалар үшін бұл қауіпті кезең. Жыл сайын ауа райының жылынуымен мұндай оқиғалар саны арта түседі. Осы уақытта ата-аналар балаларына ерекше назар аударып, оларды ашық терезелерден алыстатып, бөлмеде жалғыз қалдырмауы керек. Қарапайым ережелерді сақтау арқылы қайғылы оқиғалардың алдын алуға болады.

⚠️ Ата-аналарға кеңес:
•⁠ ⁠Ашық терезе бар бөлмеде баланы жалғыз қалдырмаңыз.
•⁠ ⁠Жиһаздарды терезеден алыс қойыңыз, бала оның үстіне шығуға тырыспасын.
•⁠ ⁠Терезелерде арнайы құлыптар мен шектеу құрылғыларын қолданыңыз.
•⁠ ⁠Москит торы құлаудан қорғамайтынын есте сақтаңыз.

✅ Қарапайым ережелер балаларымыздың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі.

#БалалардыңҚауіпсіздігі #ҚауіптіТерезе #АнаТерезеніЖап #БалалардыҚорғау

FaLang translation system by Faboba