Блог директора
Блог директора
Подробнее
Рекомендации по школьной форме
Рекомендации по школьной форме
Подробнее

«Бастауыш пен орта буын арасындағы сабақтастық» тақырыбындағы онкүндік аясында ашық есік күн

19.04.2019 күні Нұр–Сұлтан қаласы әкімдігінің «№26 мектеп-гимназия» КММ «Бастауыш пен орта буын арасындағы сабақтастық» тақырыбындағы онкүндік аясында ашық есік күні өтті.

Мақсаты: Бастауыш сынып түлегінің орта буындағы оқуы табысты болу үшін, бейімделу кезінде  балаға көмектесу оны психологиялық жағынан дайындау.

Ашық есік күні орта буын мұғалімдері 4-сыныптарда қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, дүниетану пәндері бойынша ашық сабақтар өткізді. Оқушылар мен сабаққа қатысқан ата-аналар, орта буын мұғалімдерімен танысып, сабақтарды жаңаша  әдіс-тәсілдерді қолданып өткізген сәттері қызықтырғанын сабақты бағалау парақтарында жазып қалдырды.

Орта буындағы пән мұғалімдері бастауыштан енді ғана келген оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, сабақта, оқу-тәрбие жұмысында сабақтастықты қадағалап отырса, оқушылар психологиялық тұрғыда дайын болады.

FaLang translation system by Faboba